Атбасар қаласынан шалғай орналасқан Сепе ауылында "Ұлы даланың жеті қыры" тақырыбында аудандық семинар өтті. Оған аудан бойынша мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты - әрбір азаматтың туған жерінің тарихын білуге құндылықтарың қастерлеп, дамуына өз үлесін қосуға бағытталды.Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесі, танымдық мұрасы мен дүниетанымы , салт - дәстүрі, әдет-ғұрыпы, өлең-жырлары, ұлттық ойындарыы, музыкалық мұрасы, аспаптары баға жетпес асыл қазына екені белгілі. Сол тарихи әрі рухани байлықты сақтап, ұлы дала кеңістігінен шыққан өркениеттік жетістіктерді ұмытпау, әрі дәріптеу.