"Түркі әлемінің бесігі" бойынша тарих және география пәнінің мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Мырзағалиев театрландырылған көрініс арқылы тарихты жеткізді. Қазақтардың және Еуразияның басқа да халықтарының тарихында Алтайдың алар орны ерекше. осынау асқар таулар ғасыр бойы Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі әлемінің бесігі саналды. Дәл осы өңірде біздің дәуіріміздің І мыңжылдығының орта шенінде Түркі дүниесі пайда болып, Ұлы дала төсінде жаңа кезең басталды.