"Алтын адам" қыры бойынша тарих және география пәнінің ұстазы С.Тұрсымбаев және химия-биология пәнінің ұстазы Р.Тұрсымбаева диспут өткізді. Яғни, семинарға қатысушы мектеп директорларының орынбасарлары теоретиктер, сарапшылар, зерттеушілер мен ізденушілер деген 4 топқа бөлініп, көрнекі құралдарды пайдалану арқылы өзара пікірталас жүргізді. Бұл жолы қатысушылар тек тыңдап, қарап отырмады. Өздерінің осыған дейін оқыған-тоқығандарын айтып, қызу талқыға салды.