Түрлі түсті маталар, әшекейлер, қолөнер бұйымдары мен сауда-саттыққа негіз болған өзге тауарлар. Мұндай көріністі мектептің бастауыш бөлімі ұжымы мен оқушылары "Ұлы Жібек жолы" қырын көрсетуде алға тартты. Оның басы-қасында жүріп, ұйымдастырған К.Тұрсымбаева, Р.Жұмабек, З.Каримова, Б.Исабаева секілді ұстаздар Жібек жолының сауда-саттықтың дамуына зор үлесін қосқандығын және халықаралық ауқымда экономиканы өркендетуге және мәдениетті дамытуға септігін тигізгенін айтып берді.