Жамбыл облысы, Мерке ауданында жергілікті палуандар К. Еркебаев, Е. Сыздықов және Ы. Байқұлақовты еске алуға арналған «Қазақ күресі» бойынша дәстүрлі ашық республикалық турнир

04.05.2026

2026 жылғы 10–12 сәуір аралығында Жамбыл облысы, Мерке қаласында жергілікті палуандар К. Еркебаев, Е. Сыздықов және Ы. Байқұлақовты еске алуға арналған «Қазақ күресі» бойынша дәстүрлі ашық республикалық турнир өтті. 

Жарысқа Алматы, Түркістан, Ақмола және Жамбыл облыстарынан 248 жас спортшы қатысты. 

Атбасар ауданы Сепе ауылының спортшылары Ақмола облысының намысын қорғап, келесі нәтижелерге қол жеткізді: 

🥉 Кенжеғали Айару — 5 «А» сынып оқушысы, 33 кг салмақ дәрежесінде 3 орын. 
▫️ Рысқали Нұрислам — 7 «А» сынып оқушысы, 38 кг салмақ дәрежесінде 7 орын. 

«Қазақ күресі» секциясының жаттықтырушысы және жетекшісі — Рахимжанов Жаслан Бақытжанович. 

 

Просмотров: 50


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу