«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Сепе ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Сепе отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан халқының тілдер күні мерекесіне орай өткізілетін іс-шаралар туралы есебі.

22.09.2022

«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Сепе  ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Ахмет Байтұрсынұлы 150 жылдық мерейтойына «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» атты 2022 жылғы 5-16 қыркүйек аралығында Қазақстан халқының тілдер күні мерекесіне орай өткізілетін  іс-шаралар туралы есебі.

   «Адамға екі нәрсе тірек тегі, Бірі - тіл, бірі - ділің жүректегі»,- деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай, кез келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Ана сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілінің құдіреттілігі, көркемдігі өрлігінде, орасан зор байлығында. Атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұраны дәріптеу мақсатында Сепе  ауылының жалпы орта білім беретін мектебі

Ахмет Байтұрсынұлы 150 жылдық мерейтойына «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» атты 2022 жылғы 5-16 қыркүйек аралығында Қазақстан халқының тілдер күні мерекесіне орай онкүндік өткіздіТілдер онкүндігінің жоспары құрылып, бекітілген бағдарламаға сәйкес көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды.

5 қыркүйек онкүндіктің салтанатты жиын түрінде ашылды.

6 қыркүйек «Ана тілім-байлығым» деген тақырыпта 5-6 сынып арасында эссе сайысы өткізіліп, аудандық кезеңіне 5 «А»сынып оқушысы Кулибекова Айшаның жұмысы жіберілді.Жетекшісі: Болатбекова Г.Т. Орыс сыныбынан 6 «Б» Жарқынбек Аян орыс тілінде жазылған эссе жұмысы бағаланып,жіберілді.Жетекшісі: Алимова Е.С

8 қыркүйек «Тіл-ұлттың жаны» суреттер көрмесі бастауыш сынып оқушыларының арасында ұйымдастырылды.Бірінші орынды Ахмет Байтұрсыновтың суретін нақышына келтіріп салған 4 «А» сынып оқушысы Сұлтанбай Балауса иеленді.

Тілдер онкүндігі аясында ағылшын тілі мұғалімдері «Үш тұғырлы тіл» зияткерлік сайысын 9 қыркүйекте өткізілді. Сайысқа 5-9 сыныптарының  оқушылары қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша бірінші, екінші және үшінші орын алған жеңімпаз топ оқушылары мақтау қағазымен марапатталды

12 қыркүйек «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» деген тақырыпта «Айналайын» шағын бөбекжай тәрбиешілері мен тәрбиеленушілері ата-аналарымен қолөнер көрмесін ұйымдастырды.

13 қыркүйек күні «Мемлекеттік тіл- менің тілім » атты тақырыпта мәнерлеп оқу сайысы б өтті. Сайысқа 1-9 сыныптарының оқушылары белсенді  қатысты.  Сайыс екі кезеңмен өтті,бірінші кезеңде бастауыш қазақ,орыс сыныптарының оқушылары өнерлерін көрсетті,екінші кезеңде 5-9сыныптар арасында өткізілді. Әділқазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалау кезінде олардың  тіл мәдениетіне мәнерлеп оқу деңгейіне, сахнада өзін-өзі ұстай білуіне, әртістік шеберлігіне, дауыс ырғағына көңіл аударды. Сайыс қорытындысы бойынша бастауыш сыныптар арасында бас жүлдені 4 «А» сынып оқушысы Мықтыбай Нұрай иеленді,5-9 сыныптар арасында Серік Мерей иеленді.. 

14 қыркүйек күні «Ұлттың ұлы ұстазы» деген тақырыппен 1-11 сыныптарда сынып сағаты өткізілді.Сынып сағатының мақсаты;тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға-Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу

.14 қыркүйекте жоспар бойынша «Тіл тағдыры-ел тағдыры» деген тақырыпта 9-11 сыныптар арасында  қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі Сатжанова Айгуль Досболвна дөңгелек үстел ұйымдастырды. Мақсаты: Елбасы бағдарлап берген межелерге жету жолдарын талқылауға салу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру. Патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт - дәстүрін, тарихын құрметтеуге баулу.

15 қыркүйек «Я русский бы выучил только за то...» деген тақырыпта 9-11 сыныптар арасында орыс тілі мұғалімі Алимова Е .С эссе сайысын ұйымдастырды.

   Тілдер онкүндігінің жабылуы және жеңімпаздарды марапаттау кезеңі 16 қыркүйек күні өткізілді. Тілдер апталығының салтанатты түрде жабылуына мектеп директорының м.а Сапаров Ж.С мен тәрбие ісінің орынбасары Турсумбаева Қ.М апталыққа белсенді қатысқан оқушыларды, жеңімпаздарды мақтау қағаздарымен марапаттап,құттықтады.

Просмотров: 488


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Сепе ауылының жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫ

"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Сепе ауылының жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫ

Текст