Өткізген:
Бастауыш сынып мұғалімі
«Сепе орта мектебі»ММ
Исабаева Б.И.
Сабақтың тақырыбы: Қыс. Міржақып Дулатұлы.
Сабақтың мақсаты: автормен таныстыру арқылы мәтіндегі табиғат
суретінің қай заманда жазылғанын ашу.
Күтілетін
нәтижелер:
Пәндік нәтиже: мәтін мазмұнын өмірмен байланыстыра түсінуге
мүмкіндік беру.
Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: қыс қызығы туралы алғашқы білімдерін толықтыра
отырып, қысқы даланы, қысқы орманды сипаттай білуге, көркем сөздер топтамасын
жинақтай білуіне жағдай жасау. Қыс тақырыбына байланысты сөз тіркестерін дұрыс
қолдана білу дағдыларының дамуына мүмкіндік беру.
Тұлғалық нәтиже: табиғат көріністерін тамашалау, әр жыл мезгілінің
кереметін байқау арқылы оны бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: қыс көрінісі суреттері, дәптер