Мектеп директоры міндетін атқарушы Сапаров Жандос Сұлтанбайұлының 01.09.2022 жылы алғашқы қоңырауға айтқан құттықтау сөзі
Қайырлы күн Құрметті қонақтар! Қадірменді ата-аналар, Мәртебелі педагог әріптестер, ел болашағы жастар, оқушылар!
Бүгін 1 қыркүйек білім күні. Барлық жерде салтанатты түрде дәл қазір атап өтіп жатқан мерейлі мереке баршаңызға құтты болсын!
Мен Сіздердің жұмыс атқарып жүрген киелі шаңыраққа енді ғана қадам басып отырмын.
Баршаңыздың өткендеріңіз өнегелі деп сенемін, келешектеріңіз жарқын болсын!
Осы тұста мына өлең шумақтарымен сөзімді жалғасам.
Бірінші қаңтар жаңа жыл емес,
Жаңа жыл емес наурыз да.
Жаңа жыл күзден басталу керек меніңше...
Күл мейлің...
Бұзылып кенет нілдей күн,
Еңсеңді басса зілдей мұң.
Жаңа жыл күзден басталу керек меніңше...
Неге екенін білмеймін...
-деп Есенғали Раушанов жырлағанадай мерейлі, айтулы мереке алғашқы қоңырау үні, бала жүзіндегі қуаныш, ұстаз жүзіндегі шәкірттеріне деген сағынышы мұның барлығы сайып келгенде болашағымыздың жарқын болуына басталатын алғашқы қадам.
Мектеп ханның да қараның да өнеге, білім алып өмір атты теңізде өз кемесінің капитанына айналуына бірден бір септігін тигізуші киелі ошақ.
Құрметті әріптестер жаңа оқу жылында өздеріңізге денсаулық, жұмыстарыңызға шығармашылық табыстар тілеймін.
Ата-аналар кәсіптеріңізге береке өсіріп отырған ұл-қыздар рахатын көру нәсіп болғай.
Еліміздің жарқын болашағы, ата-ана, ұстаз үмітін ақтаушы оқушыларымызға саналы тәрбие, сапалы білім тілеймін.
Жаңа оқу жылы құтты болсын!