ҚР Тұңғыш Президенті өзінің халыққа арналған Жолдауында: «Халықтың әл-ауқатының деңгейі – алдымыздағы тұратын басты мәселе» стратегиясы жастар буынына арналған, себебі, елдің болашағы -жастар. Жастарға мамандықты дұрыс таңдау аса маңызды және жауапты іс. Жастық шақта әр нәрселерге қол жеткізуге болады, бірақ бұған уақыт жетпейді. Сондықтан дұрыс мамандықты таңдап оның жемісін көру керек. Өз кәсібін жақсы меңгерген қызметкерлерді қолдау қажет»-деп айтылғған.
«Рухани Жаңғыру» бағдарламаларының аясында Сепе орта мектебінде 22 мамыр күні кәсіптік бағдарлау бөлмесінің салтанатты түрде ашылуы болды. Бұл мерекеге «Атбасар ауданының білім бөлімі» ММ басқарушысы Наймушина Наталья Георгиевна, әр мамандық өкілдері және жоғары сынып оқушылары қатысты. Атап айтсақ, бұл мерекеге көп жыл ұстаздық еткен Р.А. Ташимова, КССР білім беру саласының үздігі Олексюк О.К. және «Сепе – 2012» ЖШС бас есепшісі Лагеза О.М. Олар өз мамандықтарының ыстығы мен суықтары жайлы айтып, пікір блісті. Қонақтарды мектеп музыканты Мажкен К.Т оқушылардан құрылған домбыра ансамблі орындауындағы ән-күймен қарсы алды. Бөлмені салтанатты түрде ашу рәсімі «Атбасар ауданының білім бөлімі» ММ басқарушысы Наймушина Наталья Георгиевна мен мектеп директоры Есмагамбетова Куралай Амандыковнаға берілді. Қазақ тілі пәні мұғалімі Буркутбаева Айнагүл Рыспевна қонақтарға кабинетпен таныстыру жұмысын атқарып, стендтерде көрсетілген ақпарат жайлы әңгімелеп берді. Ол оқушыларға болашақ мамандықты таңдау бойынша сауалнамалар жүргізді. Құттықтау сөз аудандық бөлімінің басшысы Наймушина Н.Г. –ға берілді. Ол өз сөзінде «Әр адам жанына сай келетін мамандықты таңдау керек, дүниеде мамандықтар көп, олардың барлығының маңызы зор. Бүгінгі таңда ең қажетті мамандықтар- дәрігер мен ұстаздар, дәрігер адам ағзасын емдесе, мұғалім адам жанының емшісі. Қоғамға дені сау, көзі ашық азаматтар қажет. Бірақ өмір өзгеріп келеді, сонымен бірге жаңа мамандықтар пайда болып жатыр: жаңатотехнология, логистика, робототехника т.б. Білім бөлімінің басшысының сөдерін оқушылар ынта қоя тыңдады. Бөлменің ашылу салтанатынан кейін мұғалімдер мен оқушылар күшімен мерекелік концерт өтті. Барлық іс-шаралар соңынан мектеп директоры Есмагамбетова К.А. қонақтарға, ата-аналарға және оқушылар мен мектеп ұжымына бүгінгі мерекеге ат салысқандары үшін алғыс айтып, ризалығын білдірді.
Завуч Алимова Е.С.