«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Сепе ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Сепе отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Открытый урок

10.01.2018

Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Сепе орта мектебі.

 

 

 

 

 

 

2017-2018 оқу жылының

4-15 желтоқсан  аралығына

жоспарланған

«Тілім менің – тірлігімнің айғағы»

қазақ тілі мен әдебиеті пәндері онкүндігінің

жоспары

 

 

 

 

 

Жауапты қазақ

тілі мен әдебиеті

пәндерінің мұғалімдері:

Буркутбаева А.Р

Ноян Ж.С

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақсаты: Оқушыларға қазақ тілі туралы мәлімет беру. Шәкірттердің шығармашылық

қабілеттерін арттыру. Балаларды ана тілін сүйіп, құрметтеуге баулу.

Басталуы: Ноян Ақжол. «Қазақтың баласымың»

І Алғы сөз

ІІ Әдеби монтаж

Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың, елдігің.

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте! (Қ.Мырзалиев)

 

АНА ТІЛІ

Ақыл-ойын адамның

Ана тілден аламын.

Ана тілім ардақты,

Ақ сүтіндей анамның.

Өсірген ой білімді,

Сүйем туған тілімді.

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін  терең білуді. (Ә.Табылды)

 

СҮЙЕМ ӨЗ ТІЛІМДІ

Сүйсем өз тілімді,

Боламын білімді:

Өз тілім үйретер,

Өнерді, ғылымды.

Сүйем өз тілімді.  (Әдібай Табылды)

АНА ТІЛІ

Мейірі мол балаға

Барлық, барлық анаға,

Басымызды иеміз,

Бабамыздың тілі деп.

Даламыздың үні деп,

Ана тілін2, Ана тілін сүйеміз. (Ш.Сариев)

АНА ТІЛІМ

Ана тілім – ұраным,

Ана тілім – құралым,

Ана тілім – болмаса

Мықты болмас тұрағым.

 Ана тілім – елдігім,

Ана тілім – ерлігім.

Ана тілім – болмаса

Бүтінделмес кемдігім.

  (С.Кәттебайұлы)

АНА ТІЛІНЕ ТАҒЗЫМ

Ана тілі – біздің туған анамыз!

Анамыздай сыйлап, бағып-қағамыз.

Ана тілін бағаласақ, қалай біз

Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.

Ана тілін кім аялай білмесе,

“Анасынан безген ұл!” – деп қараңыз.

                                     

(М.Әлімбаев)

Туған  тілім – бабам тілі - өз тілім.

Туған тілім – анам тілі - өз тілім.

Туған тілім – далам тілі - өз тілім.

Туған тілім – адам тілі - өз тілім.

 (Д.Әбілев)

ІІІ «Ана тілі – арың бұл» көрінісі

Орындықта ақсақал отырады. Оған біраздан соң екі, тегі ауыр, сөмкеден

көтерген үш әже қосылады. Олар ақсақалмен амандасқаннан соң. Сондағы әңгіме.

Бірінші әйел:

·        

Менің немерем осы жылы институтын

бітіреді. Кеше қаладан келген. Жаңа телефонынан бізге институтта қатысқан іс –

шараларын көрсетіп бір қуантты. Ағылшын, орыс тілдерін жетік меңгеріп алыпты.

·        

Менің де балапаным кенде емес. Ол

да осы жылы университетін бітіреді, - деп мақтанады екінші әйел.

– Бұйырса бітіре салып үйленем дейді. Келінімнің фотосын да көрсетті.

Үшінші әйел: - Біздікі де оқу орнын осы жылы

тәмамдайды. Баяғыша қарапайым, ауылдағы кезіндей аңқылдап тұр, - дейді

Екінші әйел:

·        

А, солай де. Менің ұлым орыс

тілін де, ағылшын тілін де жақсы біледі. Өзі орысша сөйлессе, қызық екен.

·        

Менікі де сондай, - деп

ілеседі бірінші әйел.

Бір кезде балалар көрінеді. Бірінің құлағында наушник, екінщісі телефонға

үңіліп келеді. Әжелер мен ақсақалға жақындап:

·        

Саламатсыз ба, ата, - деп жеңіл

қайырады біріншісі аузындағы сағызын шайналаңдап.

·        

О, аташка, қалыңыз қалай?,

- деп амандасады екінші бозбала, - апашка, негып магазинде мені

ждать етпедің? Сонда зрядан – зря барып, мына жарада гулятьтап қалдым ғой.

·        

Да, апа, мен де. Екеуміз бір

темамен қалаға барайық деп сенен біраз мани сұрамақшы едім. А ты ушла. Айтпадың

ба, ухожу деп, - деп айтады бірінші бала.

·        

Апа, шаршап қалдыңыз ба? Әкеліңіз

сөмкеңізді өзім жеткізіп салайын, - дейді үшінші бала.

Осының барын үндемей бақылап тұрған қария:

·        

Түу, бағанадан мақтаған балаларын

осы ма? Мыналарын орыстарға еліктейміз деп қазақша екі сөздің басып құрай алмай

тұр ғой. Бұндай ана тілін сатқан балаларыңды мақтағанша жерге кіріп кетпедіңдер

ме? Мен мына Күләштің немересіне ғана көңілім толып тұр. Болашақта өз туған

жеріне, ана тіліне еңбек сіңіре алады деп ойлаймын, - деп тұрып кетіп

қалады. Қалғандары орындарында ойға шомылып қалады.

ІV Қазақ тілі мен әдебиеті апталығының жоспарымен оқушыларды таныстыру

 «Қазақ әдебиетінің саңлақтары» қабырға үнқағаздарының сайысының

тақырыптары

5 «А»

Ыбырай Алтынсарин

5-6 «Б»

Абай Құнанбаев

6-7 «А»

Мұқағали Мақатаев

7-9 «Б»

Ахмет Байтұрсынұлы

8 «А»

Мағжан Жұмабаев

8-10 «Б»

Бердібек Соқпақпаев

9 «А»

Мұхтар Шаханов

10 «А»

Жамбыл Жабаев

VІ Қорытынды сөз

Құрметті оқушылар, қазақ тілі – біздің ана тіліміз, сол себепті қазақ тілін

басқа тілдер арасында ерекше сүйіп қадірлеуіміз қажет. Ана тілімізге деген

махаббатты осы онкүндік аясында жоспарланған барлық іс – шараларына белсене

қатысу арқылы да білдіре аламыз деген ойдамын. Сондықтан осы он күнде сендерден

белсенділік пен қызығушылықты, мәдениеттілік пен ыждахаттылықты күтеміз.

 

 

Просмотров: 678


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Сепе ауылының жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫ

"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Сепе ауылының жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫ

Текст