01.10.2018жылы Ауылымызда мектебіміздің атынан ауыл қарттарына шағын мерекелік концерт ұйымдастырылған болатын.
Қарты бар үйден береке мен сыйластық кетпес деп бекер айтылмаған,себебі ауылымыздың сыйластығы осы ауыл қарияларының арқасында десек артық болмайды. Осыған орай бізідің оқушыларымыз өз өнерлерін көрсетіп , асыл жандарымызды бір марқайтып қайтты. Сонымен қатар мұғалімдер де қарап қалмады, Машкен Қымбат ағай бастаған мектеп ансамблі қазақтың ұлттық аспабтарымен өнер көрсетті. Мерекелік кеш мектеп ұжымы мен оқушылардың арқасында өте жақсы өтті. "Қарттарын қадірлеген ел ардақты" Қарттарымызды әрдайым сыйлап құрметтеп жүрейік