«Қарлығаш» мектеп жанындағы лагерь

13.06.2025

«Қарлығаш» мектеп жанындағы лагерьдің бірінші маусымы 02.06.25–13.06.25 аралығында өз жұмысын бастады.
Жазғы ұзақ демалыстардың келуімен ата-аналардың алдында балаларды қалай пайдалы әрі қауіпсіз өткізу мәселесі туындайды. Бүгінгі таңда бұл мәселенің бір шешімі – баланың мектеп жанындағы лагерьде тәрбиешілердің бақылауымен болуы.

Күн тәртібі бойынша балалар лагерьде сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін тамақсыз болады.
Лагерьдегі әр күн арнайы жоспарланған: танымдық әңгімелер, таза ауадағы ойындар, үстел үсті ойындары өткізіледі.

Просмотров: 4053


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу