8-сынып оқушысы Кенесалы Дінислам Айқанат республикалық олимпиадаға жолдама алды

13.06.2025

8-сынып оқушысы Кенесалы Дінислам Айқанат республикалық олимпиадаға жолдама алды

Біздің мектептен тағы бір сүйінші жаңалық!
8-сыныпта оқитын дарынды оқушы Кенесалы Дінислам Айқанат пәндік олимпиаданың аудандық және облыстық кезеңдерінен сүрінбей өтіп, енді республикалық кезеңге жолдама алды. Еліміздің ең ірі қалаларының бірі — Алматыда өтетін бұл байқау білімділердің басын қосатын маңызды дода болмақ.

Дінислам өзінің табандылығы мен үздік білімінің арқасында мұндай жетістікке жетіп отыр. Бұл жетістік — тек жеке жеңіс емес, бүкіл ауылымыздың мерейі.

Мектеп ұжымы мен ауыл тұрғындары жас білімпазды мақтан тұтады және алдағы додада сәттілік тілейді. Ата-анасы мен ұстаздарының еңбегі де зор екені сөзсіз.

Кенесалы Дінисламға сәттілік! Жолың болсын, жас өрен! Ауылымыздың атын республика көлемінде асқақтата бер!

Просмотров: 4038


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу